Оралда дөңгелек үстел өткізілді

 

Тамыз 17, 2022

2022 жылғы 17 тамызда «Ақ отау» отбасы орталығы» ҚБ «АИТВ және ЖИТС алдын алу» жобасы аясында Достық Үйі, Қазақстан халықтары Ассамблеясы базасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шақырылған қонақтар: облыстық білім басқармасының өкілдері мен облыстың медицина қызметкерлері, кәсіпорындар, ҮЕҰ мамандары мен басшылары, белсенділер мен қоғам өкілдері.

«Ақ отау» отбасы орталығы» ҚБ төрағасы А.Искалиева өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанда АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің алдын алу мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

БҚО облыстық ЖИТС орталығының мамандары, В. Цой және Г.Үмбетова, облыста АИТВ инфекциясын диагностикалау және емдеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенінің жүргізілуі туралы айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар пікірталастарға белсенді қатысты.

Шараға 21 адам қатысты.

барлық жаңалықтар »