Атырау тері-венерологиялық диспансерінің 90 жылдығына орай

 

Шілде 25, 2022

Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері 1935 жылы құрылған. Содан кейін бұл Гурьев облыстық балалар зең ауруларының ауруханасы болды. Бүгінде - заманауи медициналық мекеме.

Диспансердің құрамында ауысымына 70 келушіге арналған емхана, 36 төсектік стационар, оның ішінде 10 –балалардың төсек орны, мерзімдік профилактикалық медициналық тексеру және физиотерапия кабинеттері бар, ПТР және ИФТ-диагностикасы бар шаруашылық есептегі бөлімше бар.

Диспансердің диагностикалық зертханасы туралы әңгіме ерекше. Оның құрамында төрт бөлімше бар: клиникалық-диагностикалық, серологиялық, ПТР және ИФТ-зертханалар. Атыраулықтар түрлі аурулар бойынша тест тапсырып, нәтижелерін ала алады. Олардың ішінде пемфигус, мерез, қышыма, жыныстық жолмен берілетін тоғыз инфекция, зең аурулары және басқалар бар.

Зертхана қызметкерлері айына орта есеппен Вассерман реакциясына үш мың талдау, 800 – зең ауруларына, 900 –ПТР-ға талдаулар жасайды.

Дәрігерлер, медбикелер мен зертханашылар үнемі оқудан, білімін жетілдіруден өтіп, кәсіби шеберліктерін ұштап отырады. Зертханашылар жыл сайын ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында білім алады. Бұл жаңа білім алып қана қоймай, облыс тұрғындары үшін диспансер қызметтерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен, жақында мекеменің зертханасында жаңа қызметтер пайда болды – VDRL, RPG –трепонемиялық тест, мерездегі инфекцияны анықтаудың РИФ – экспресс әдісі.

... Тоқсан жыл бұрын Гурьев облыстық балалар зең аурулары ауруханасының үш бөлімі болған: медициналық , бухгалтерлік есеп және әкімшілік-шаруашылық. Мұнда бес медициналық және екі эпиляциялық медбике жұмыс істеген.

  • Бүгінде біздің мекеме штатында 73 қызметкер бар: 8 дәрігер және 27 орта медицина қызметкері. Өткен жылы стационарда 828 науқас ем алды. Емханалық бөлімшеде тері ауруларымен және жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен ауыратын науқастарды қабылдау кабинеттері, микологиялық кабинет, сондай-ақ балаларды қабылдау кабинеті бар. Емхана мен стационардағы барлық жұмыс орындары компьютерлендірілген. Дерматовенеролог-мамандар қызметінің басым бөлігі тері және тері асты клетчаткасы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлады директоры Мира Оразқызы Бердешева.

барлық жаңалықтар »