Өмір сыйлаған дәрігер

 

Маусым 28, 2022

Челлендж #РақметДәрігер

Өзіңді нашар сезінгенде,шарасыз жағдайға түсіп, өмірің көз алдыңда зая кетіп бара жатқан сәтте әр адамға қолдау мен тез шешім қажет. Мен,өзімнің өмірімді сақтап қалған, Батыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының емдеу-алдын алу және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі дәрігер Нұрышева Жанша Тұрғанбекқызы туралы айтқым келеді.

Мен өзімнің АИТВ-оң мәртебем туралы 10 жыл бұрын білдім, бес жыл бойы БҚО ЖИТС орталығында есепте тұрдым, алайда кейбір жағдайларыма байланысты 2016 жылы Ресейге, Мәскеу қаласына көшуге тура келді. Тіпті өзімнің ауруымдыда ұмытып кетіппін, алайдаосыдан үш жыл бұрын денсаулығым күрт төмендеп, жағдайым күн өткен сайын нашарлай бастады.

Енді не істеймін, бөтен қалада кімге қоңырау шалам, кімнен көмек сұраймын деген ойлар келді? Басыма бірден келген ой – Жанша Тұрғанбекқызы болды. Менің бақытыма ма, әлде құдайдың көмектескені ме, сол кезде Жанша Тұрғанбекқызы Мәскеу қаласына, қызында қыдырып келген екен. Келесі күні біз кездесіп, менің жағдайымды көргенЖанша Тұрғанбекқызы:«Кеш болмай тұрғанда, тез ұшаққа билет ал, бірге ұшып кетеміз» деп әмір берді.

Орал қаласында келген бойда мені бірден ауруханаға емдеуге жатқызып, «Пневмоцистік пневмония» диагнозы қойылды. Ауруханада емдеуде болған кезде мен әрқашан Жанша Тұрғанбекқызының жанашырлығы мен қамқорлығын сезіндім.Ол маған өте мұқият, кәсіби, сауатты түрде ем тағайындап, оның қамқорлығының арқасында мен қазіргі уақытта толыққанды өмір сүрудемін, кәсіпкерлік қызметпен айналысамын.

Мен оған жоғары кәсібилігі, жауаптылығы үшін, әсіресе, шетелде жүрген кезде мені назардан тыс қалдырмағаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Басымды иіп, тағзым етемін! Пациенттердің аман-саулығы үшінЖанша Тұрғанбекқызынамықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілеймін.

Катерина Савицкая (аты-жөні автордың өтініші бойынша өзгертілген).

барлық жаңалықтар »