Негізгі топтармен жұмыс жөніндегі пара-заңгерлерді даярлау бойынша тренинг

 

Маусым 28, 2022

23-24 маусымда Алматы қаласында халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеу бойынша көше заңгерлерін (пара-заңгерлер) даярлау бойынша тренинг болып өтті.

 Іс-шараны ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро ұйымдастырады.

Іс-шараға қатысушылар - еліміздің әр өңірінен келген 25 адам, олар адам құқықтарымен, медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтармен, медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібімен, азаматтық талаптармен танысты, сондай-ақ инфекциялық емес аурулардың негізгі қауіп факторларын және зиянды төмендету тұжырымдамасының көмегімен оларды еңсеру жолдарын талқылады.

Тренингте презентациялармен сөз сөйлегендер:

Евгений Жовтис - Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры.

Лейла Рамазанова - Алматы қаласы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.

Инара Масанова - Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.

Кентра Гинтаутас - Юозас - "Денсаулық" ЗТБ, "Аман-саулық" ҚҚ сарапшы-дәрігері.

барлық жаңалықтар »