Пациенттің сенімі-дәрігердің табысты жұмысының негізі

 

Маусым 28, 2022

Бүгінгі таңда денсаулығымызды күтіп, бақылауға мәжбүр болған кезде алаңдаушылықсыз, қорықпай зерттеуден өтіп, ем ала алатын мекемелердіңжәне сенім артуға  болатын мамандардыңболуы маңызды.

 

Әсіресе мәселе  ерлердің денсаулығы мен АИТВ, ЖИТС және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (әрі қарай ЖЖБИ) алдын алу жайында болғанда. Әдетте, еркекпен жыныстық қатынаста болатын топқа жататынымызды  ескере отырып және құпия ісіміз ашылып қалудан қорқып, көбіміз мұндай жерлерге баруға тартынамыз. Бірақ,  мен және менің достарым тығырықтан шыға алдық.Біз қайда бару керектігін білеміз – Шымкент қаласының ЖИТС орталығындағы достық кабинетінің   дәрігері Гүлмарал Сейтқазықызына жүгіне аламыз.Кабинет – біз үшін шын мәнінде   достыққа айналды .Гүлмарал тек дәрігер – өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, қиын-қыстау кезде үнемі тыңдап, қолдау көрсететін сезімтал жан. Оған жақсы психолог,  өмірлік тәжірибесі бар, тамаша мінезі мен рухани қасиеттері бар адам ретінде жүгіне аламыз.

 Мен одан кез келген уақытта көмек сұрай аламын. Кабинетте анонимді түрде, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға  тексеретін анализ, АИТВ-ға экспресс-тест тапсыруға, қажет болған жағдайда ем алуға, осы аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпаратты, ақпараттық буклеттер мен қорғау құралдарын (мүше қап) алуға болады.

Қазір  ең бастысы жыныстық қатынасқа дейінгі АИТВ-ны алдын-алу үшін дәрі-дәрмектердімүлдем тегін ала аласың.  Менің және достарымның мұны білгені  Гүлмаралдың еңбегі екені сөзсіз!

Айналамызда Гүлмарал сияқты мамандар болса, мен сияқты  қиыншылықтары бар адамдардың көпшілігі білікті көмек пен қолдауға ие болатынына сенімдімін. Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  ұжымына және әсіресе Сейтқазықызы Гүлмаралға мың алғыс айтамыз.

 

 

Усенов Арман (аты-жөні өзгертілген)

 

барлық жаңалықтар »