Тараз қаласында ҚР дерматовенерологиялық қызметі мамандарының форумы өтпек

 

Маусым 23, 2022

23-25 маусымда Тараз қаласында ҚР ДСМ "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК (ҚДИАҒО), С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ дерматовенерология кафедрасы және "Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы" ҚБ «17 өңірдің дерматовенерологтары, дерматокосметологтары және лепрологтары" атты XII ғылыми-танымдық өңірлік форумын өткізбек.

Форум Дүниежүзілік витилиго күні аясында саланың танымал отандық мамандары мен ғалымдарының, сондай-ақ жас дәрігерлердің қатысуымен өтеді. Іс-шара 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді және ғылыми-практикалық қарым-қатынастың танымал алаңына айналды.

Осы форумның мақсаты - пәнаралық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибемен алмасу және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде инновацияларды енгізу. Іс-шара бағдарламасында: емдеу тактикасы мен сапасын арттыру, мүгедектікті дамытудың алдын алу мәселелеріне арналған дәрістер, презентациялар, мастер-кластар.

Қатысушылар соңғы жылдары елімізде жүргізілген тері ауруларының пайда болу табиғатын анықтауға байланысты ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысатын болады. Форумда ҚДИАҒО резиденттерінің қатысуымен жас мамандар мектебі жұмыс істемек, онда жекелеген клиникалық жағдайлар мен аурулардың ерекшеліктері талқыланады.

Кәсіби пікірталастардың назарында витилиго, атопиялық дерматит, алопеция және басқа да кең таралған ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелері бар. Дәрігерлер трихоскопия, дерматохирургия, фототерапия, тамыр терапиясы және емдеудің басқа құралдарын практикада қолданудың тиімді мүмкіндіктері туралы әңгімелемек.

Форум аясында созылмалы ауыр дерматоздармен ауыратын науқастарға кеңес беру және Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мамандарына ҚДИАҒО дәрігерлері тарапынан ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жоспарланған.

 Елімізде "Қазақстандағы балалар жылы" жариялануына байланысты ҚДИАҒО жетекші мамандары Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы базасында дерматологиялық аурулары бар облыстың кішкентай пациенттеріне консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін болады.

Форумды өткізу Мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 18/6, "Шахристан" тарихи кешені. 09.00-де ашылуы.

барлық жаңалықтар »