Үздік дәрігерлерге – марапаттар

 

Маусым 17, 2022

 17 маусымда медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚДИАҒО-да үздік дәрігерлер марапатталды.

Кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиынды аша отырып, ҚДИАҒО директоры Асылхан Абишев ұжымды құттықтап:

- Әлемде адам өмірінде маңызды рөлді атқаратын медициналық қызметкері мамандығынан асқан мамандық жоқ шығар. Медицина қызметкерінің мамандығын таңдау өте жауапты іс. Себебі бұл жағдайда адам өз өмірі үшін ғана емес, басқа адамдардың өмірі үшін де жауап береді.

Медицина қызметкерлерінің шеберлігі, жоғары жауапкершілік пен борыштық сезімі, пациентке сезімталдылық және оларға мұқият қарау – бұл науқастың тез сауығуының кепілі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен лайықты марапаттарға ие болған мамандарымыз осы қасиеттерге ие десек те болады:

- Жүнісова Гүлфия Анатольевна, "Еңбек ардагері" - ҚДИАҒО дәрігер - зертханашысы.

- Жеголко Марина Владимировна, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" - ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы" ШЖҚ КМК бас дәрігері .

- Касенова Ольга Вадимовна, ҚДИАҒО дәрігер-дерматовенерологы - "Денсаулық сақтау ісінің үздігі".

- Масалимов Алмас Байқурмашұлы, "Алматы облыстық ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" ШЖҚ КМК директорының емдеу және алдын алу мәселелері жөніндегі орынбасары - "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін".

- Кожаева Айгуль Зейнолловна, ҚДИАҒО дәрігер-дерматовенерологы - Құрмет грамотасы.

- Нагашбекова Гульмира Чурахановна, ҚДИАҒО клиникалық-диагностикалық зертханасының маманы - Құрмет грамотасы.

- Раушанбек Ақерке Қалдыбекқызы, ҚДИАҒО дәрігер-эпидемиологы, Алғыс хат.

- Байзакова Анар Тоқтарбекқызы, ҚДИАҒО мейірбикесі, Алғыс хат.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

барлық жаңалықтар »