Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!

 

Мамыр 26, 2022

31  мамыр – Дүниежүзілік темекімен күрес күніне орай 26  мамыр 2022 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш медицина колледжінде семинар ұйымдастырылды.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары А.Сұлтанова мен Л.Абдукаримова темекінің зияны жайлы қысқаша баяндама жасады.

Ал Жамбыл аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Айгерім Сатова мен нарколог Тимур Күлімбетов жастардың зиянды әдеттерден көріп жатқан зардаптарына тоқталып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жалпы, жыл сайын темекіден әлем бойынша 7 миллион адам өлімге душар болады екен. Ал олардың 900 мыңы шылым тартпайтын, тек темекі түтінімен демалғандарының салдарынан өкпе обырына шалдығадыьне бақиға аттанады.

 

барлық жаңалықтар »