Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай

 

Мамыр 13, 2022

АИТВ – мен өмір сүретін адамдарды қолдау, ақпараттандыруды арттыру, АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру. Осы және басқа да өзекті мәселелерді 13 мамырда Алматыда өткен дөңгелек үстелге қатысушылар талқылады.

 

Іс-шара әлемде мамыр айының үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған. Аймақтардағы қатысушылар онлайн қосылуға және өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

Жиналғандарға арнап ҚДИАҒО директорының орынбасары Ирина Петренко алғы сөзін сөйледі. Ол ЮНЭЙДС стратегиясының 2021-2026 жылдарға арналған үш стратегиялық басымдығын еске салды:

  1. адамға бағдарланған АИТВ-ға байланысты кешенді қызметтерге әділ және тең қол жеткізуді барынша қамтамасыз ету;
  2. АИТВ-ға қатысты нәтижелерге қол жеткізу жолындағы құқықтық және әлеуметтік кедергілерді жою;
  3. ресурстарды инвестициялау және АИТВ-ға қарсы жауап шараларын қолдау, сондай-ақ олардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және гуманитарлық көмек жүйелеріне толық кірігуі.

Орталық Азиядағы ЮНЭЙДС аймақтық кеңсесінің қызметкері Рустам Қыпшақбаев "АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою бойынша Жаһандық серіктестік" презентациясымен сөз сөйледі.

Еліміздің әртүрлі қалаларынан келген үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері ҮЕҰ тарапынан АИТВ-ға қарсы жауап беру шаралары, АИТВ-ға байланысты кешенді қызметтерге бірлесіп қол жеткізуді қамтамасыз ету, жастар арасындағы алдын алу жұмысының тәжірибесі туралы айтып берді.

барлық жаңалықтар »