Көкшетау қаласында 100-ге жуық адам АИТВ мәртебесін алды

 

Мамыр 13, 2022

2022 жылғы 12-13 мамыр аралығында Көкшетау қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған төрт акция өтті.

Негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білім деңгейін арттыру, АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандыру.

Теміржол вокзалы, Орталық қалалық саябақ және Базар, Қопа көлінің жағалауында мобильді тестілеу және кеңес беру пункті ашылды, онда 96 адам өзінің АИТВ мәртебесін білді және 200-ден астам маман кеңес алды.

Ақмола ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Асель Балтабаеваның айтуынша, мұндай акциялар біздің орталықпен бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, және де халықтың белсенділігі артқаны қуантады. Мысалы, бұрын акция өткізу кезінде адамдар "АИТВ-инфекциясы" деген сөзді естігенде, орталық мамандарынан тез арада қашуға тырысатын, ал кейде тіпті ақпараттық материал алуға қорқатын, бірақ қазір жағдай мүлдем басқаша - акцияға қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытуда, сұрақтар қойып, өздері тестілеуден өтуге ниет білдіруде.

барлық жаңалықтар »