Ақпараттанғаның – сақтанғаның!

 

Сәуір 6, 2022

Ақпараттанғаның – сақтанғаның!

Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған бөлімшесі алдын алу бөлімінің мамандары 6 сәуір 2022 жылы қалалық гуманитарлы-техникалық колледжінде болып, ұстаздар мен студенттер үшін АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша семинар өткізді.

                 Эпидемиолог дәрігер Ж.Саутбеков пен көмекші эпидемиолог И.Баймолданов қатысушыларға АИТВ жұқпасы жайлы қысқаша мәлімет берді, атап айтқанда, облыстағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, жұқпаның берілу жолдары, алдын алу шаралары жайлы түсіндірді. Студенттер сұрақтарын қойып, кездесу жанды форматта өтті.

Колледж директоры А.Жұмаділов денсаулыққа маңызды ақпаратпен бөліскені үшін дәрігерлерге алғысын білдірді.

Іс-шараға 200-ге жуық адам қамтылды. 

барлық жаңалықтар »