«Авиценнадағы» семинар

 

Сәуір 6, 2022

Авиценнадағы»  семинар

6 сәуір 2022 жылы Талдықорғанг қаласындағы «Авиценна» медициналық колледжі ұстаздары мен студенттері арасында «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Талдықорған аймақтық бөлімшесінің эпидемиолог дәрігері Ж.Саутбеков пен эпидемиолог көмекшісі Д.Қуатбекова семинарға қатысушыларға АИТВ/ЖИТС туралы, оның облыстағы эпидемиологиялық жағдайы, стигма мен кемсітушілік ұғымдары жайлы мағлұмат берді.

Болашақ медицина саласының қызметкерлері дәрігерлерге қызықты сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Оқыту бейнеролигі тамашаланды.

Семинарға 60 студент пен 10 оқытушы қамтылды.

барлық жаңалықтар »