Ақмолаоблысының медицина қызметкерлерімен облыстық семинары

 

Наурыз 29, 2022

Ақмолаоблысының медицина қызметкерлеріменоблыстық семинары

2022 жылдың 29 және 30 наурызында Ақмола облысының аудандық және қалалық медициналық ұйымдарымен (МҰ) онлайн режимінде семинар өтті.

Іс-шараға қатысушылар-МҰ басшыларының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, АИТВ бойынша жауапты дәрігерлері, госпитальдық эпидемиологтары, емшара кабинеттерінің аға медбикелері мен медбикелері.

Кездесудің спикерлері Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының бөлім меңгерушілері болды.

Бірінші болып орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі- Батеш Бапенова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 "ҚР ДСМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен таныстырып, сөз сөйледі.

Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- Сандугаш Бурмаганова медициналық оқуды жалғастырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда антиретровирустық препараттармен емдеудің тиімділігін диспансерлеу және бақылау туралы айтты.

Семинарды орталық зертханасының меңгерушісі- Гульнар Шешемуканова, биоматериалды алу, сақтау, тасымалдау және АИТВ-инфекциясына жедел диагностика талаптары туралы ақпаратпен бөлісе отырып,аяқтады.

Кездесу соңында спикерлер медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

барлық жаңалықтар »