Әскери-техникалық мектептегі семинар

 

Наурыз 29, 2022

Әскери-техникалық мектептегі семинар

 2022 жылдың 29 наурызында Оралда БҚО ЖИТС ОО педагогы Г.Умбетова және Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің студенттері еріктілер Г. Елекринцева, Д. Бекесова, Э. Адилгалиева Әскери-техникалық мектепте семинар-тренинг өткізді.

 Шараға қатысушылар түрлі жағдайларды моделдей отырып, достық және еркін жағдайда, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Бүгінгі таңда АИТВ-ға тексерілу, жауапкершілік, адамгершілік және салауатты өмір салты маңызды аспектілер болып табылады деген қорытынды жасалды. Іс-шараға 30 адам қамтылды. 

барлық жаңалықтар »