Медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу бойынша облыстық семинар

 

Наурыз 29, 2022

Медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу бойынша  облыстық семинар

         2022 жылдың 29  наурызында  Атырау облыстық ЖИТС-ке  қарсы күрес және алдын алу орталығының базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 81 бұйрығын орындау мақсатында қалалық және  аудандық  бастапқы  медико-санитарлық  ұйымдардың  госпиталды  эпидемиологтары  мен  ЖИТС-ке  жауапты дәрігерлері  арасында  «АИТВ  инфекциясына  тестілеуді  ұйымдастыру»  тақырыбында облыстық   семинар өткізілді.        Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашып, директордың орынбасары Г.Умарова №211 бұйрыққа енгізілген  өзгертулер бойынша №6 бұйрыққа, сонымен қатар бөлім меңгерушілері  АИТВ-ға  медициналық  ұйымдарға  тіркелген  тұрғындарды  тестілеу, жүкті әйелдерді және олардың  жыныстық  серіктестерін тексеру, кәсіби берілуден  алдын алу туралы  талқылады.        Қатысушыларға  семинарға  дейінгі  және  кейінгі  тестілеу  жүргізілді. Жиналғандар  тақырып аясында  сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қамтылғандар саны: 38 адам.  

барлық жаңалықтар »