ҚР Парламент Мәжілісінің депутатымен қызметтік кездесу өтті

 

Ақпан 21, 2022

ҚР Парламент Мәжілісінің депутатымен қызметтік кездесу өтті

         21 ақпан 2022 жылы ЖИТС орталығына  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Нұрманбетова Жамиля Нүсіпжанқызы және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Павловец Лариса Павловна қызметтік кездесуге келді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Тұран-Астана» университетінің ректоры Джапарова Гүлжамал Әлкенқызы және «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазинамен кездесу өтті.

         Кездесуде орталық қызметкерлерімен 2022 жылғы 28 қаңтарда өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XXI съезі жайында түсіндіру жұмыстары талқыланды. Мәжіліс депутаттары алдағы уақытта партияны жаңғырту, құрылымды оңтайландыру керектігін айтты.

         Кездесу барысында депутаттар Орталықтың зертханалық қызметімен, АИТВ диагностикасы бойынша жаңа жабдықтармен жабдықталуымен танысып, сондай-ақ, ЖИТС орталықтарының қызметіндегі түйткілді мәселелер талқыланды, оның бірі «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы АРВ препараттарын уақытылы жеткізу болып табылады. «Жизнь вопреки» ҚҚ АИТВ-инфекциясымен есепте тұрған пациенттер үшін әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі айтылды. Мәселе Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Джапарова Гүлжамал Әлкенқызына  берілді. Қазіргі уақытта жәрдемақы сомасы тоқсан сайын 14 мың теңгеден аспайды.

барлық жаңалықтар »