ЖЖБИ алдын алу күні

 

Ақпан 18, 2022

ЖЖБИ алдын алу күні

18 ақпан - жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу күні.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде күн сайын ЖЖБИ-нің 1 миллионнан астам жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда жыныстық жолмен берілуі мүмкін 30-ға жуық ауру белгілі. Көптеген ЖЖБИ, мысалы, гонорея, мерез, трихомониаз, дәрігерге уақтылы бару арқылы сәтті емделеді.

ЖЖБИ денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Олар жамбас мүшелерінің, ішкі ағзалардың қабыну ауруларының, жүктілік пен бедеуліктің қолайсыз нәтижелерінің, баланың шала туылуының және туа біткен ақаулардың негізгі себептері болуы мүмкін.

2019 жылы Қазақстанда жағдайды жақсарту үшін халықаралық ұсыныстарға сәйкес мерез, хламидиоз және гонококк инфекциялары бойынша клиникалық хаттамалар жаңартылды.

2021 жылы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ЖЖБИ бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты әзірленді. Құжат МСАК деңгейінде, амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде дерматологиялық аурулары және ЖЖБИ бар пациенттерге дерматовенерологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді.

ЖЖБИ жұқтыру қаупін азайту және тіпті болдырмау үшін бірнеше қарапайым ережелер мен кеңестер бар:

- "Кездейсоқ" байланыстардан аулақ болыңыз.

- Жыныстық қатынас кезінде қорғаныс құралдарын (презервативті) қолданыңыз.

- Интимдік өмірде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз.

- Жыныстық мінез-құлқыңызды қауіпсіз етіп өзгертіңіз.

барлық жаңалықтар »