Неліктен біз АИТВ туралы айтамыз?

 

Қараша 30, 2021

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қазақстан –Ресей медициналық университетінде 19 қарашада онлайн-режимде барлық мамандықтағы дәрігер-резиденттерге арналған "Неліктен біз АИТВ туралы айтамыз?» атты форум болып өтті.

Іс-шараны жұқпалы аурулар кафедрасының екінші оқу жылының резиденттері дайындады. Форум жұмысына 50-ден астам адам қатысты.

Форумның мақсаты: АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша білімді арттыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Аудиторияға АИТВ-инфекциясы, жұқтырудың алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигмалау мен кемсіту проблемалары туралы негізгі мәліметтер (бейнероликтер форматында) ұсынылды.

Жүргізушілер: Муханова Ұлбосын, Абдрахманова Аяулым және Иргебаева Айжан қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде форумды өткізді.

 

барлық жаңалықтар »