Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалай жақсартуға болады

 

Қараша 30, 2021

30 қарашада ҚР ДСМ ҚДИАҒО мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен жағдайды талқылау жөнінде кеңес өткізді.

Халық денсаулығын қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдардың ортақ жауапкершілігін арттыру мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі ҚР Кодексіне (12-баптың 2-тармағының 32-тармақшасы) үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін (ХНТ) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік беру жөніндегі нормаға бастамашылық жасалды.

Кеңесті аша отырып, ҚДИАҒО директорының орынбасары Ирина Петренко былай деп атап өтті:

- Бүгінде тізілімге енген, мемлекеттен қаржыландыру алатын 5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдардың шамамен 4%-ы немесе 234 ҮЕҰ азаматтардың денсаулығын сақтау бағыттары бойынша жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік-маңызды ауруларға байланысты медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және алдын алу мәселелеріндегі маңызды серіктестер болып табылады.

Қатысушылар МӘТ-ке байланысты жағдайды, оны орындау кезінде туындайтын проблемаларды, жақсарту жөніндегі шараларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі мен өңірлік әкімдер арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған халықтың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі меморандумға ХНТ және АӨА үшін бөлінген жобалардың саны бойынша көрсеткішті қосу бойынша ұсынысты талқылады.

Жұмыс жалғасуда!

барлық жаңалықтар »