Алғашқы білім беру академиясы

 

Қараша 18, 2021

18-19 қарашада Алматы қаласында гибридті форматта Дүниежүзілік псориаз күні аясында халықаралық қатысумен пәнаралық дерматовенерологияның алғашқы білім беру академиясы болып өтті.

Ұйымдастырушы - ҚР ДСМ ҚДИАҒО, ОДДЛ ҚБ, МАПО және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірлесіп өткізді.

2004 жылдан бастап Халықаралық псориаз ассоциациялары Федерациясының (IFPA) бүкіл әлемде бастамасы бойынша 29 қазанда Дүниежүзілік псориаз күні атап өтіледі.

Бұл күннің мақсаты - ауруға назар аудару, пациенттерге ғана емес, қарапайым тұрғындарға да оның ерекшеліктері туралы білім беру , яғни осы дерматозы бар пациенттердің әлеуметтік бейімделуін жақсарту, осы саладағы зерттеулерді ынталандыру.

Академия псориазды емдеудегі соңғы жетістіктер, бүгінгі күні дерматологтың негізгі көмекшілері ретінде - зертханалық диагностика, гистология және дерматоскопия, сондай ақ аллергология, COVID-19, лепрология және тағы басқалар сияқты мәселелерді талқылау алаңына айналды.

Іс - шараның форматы да ыңғайлы болды - Ресей, Қарақалпақстан, Франция, Австралиядан әріптестер онлайн-режимде қатыса алды. Профессор М.Тиранттың редакциясымен орыс тіліне аударылған Дерматовенерология атласы таныстырылды.

ҚДИАҒО резидент жас мамандарының өздерінің клиникалық жағдайлары және стресстің теріге әсері туралы баяндамалары маңызды оқиғаның бірі болды.



барлық жаңалықтар »