Нұр-Сұлтан  қаласында  Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтті

 

Қараша 25, 2021

2021 жылғы 25 қарашада Нұр-Сұлтан  қаласының  ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Рүстемова мен ЖИТС орталығының директоры С. Абдраимовтың қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер БАҚ-ты 2021 жылғы науқанның міндеттерімен, АИТВ-мен сырқаттанушылық деңгейі және алдын алу шаралары туралы өткізілген іс-шаралар туралы таныстырды. Онкүндік барысында мамандар бірінші кезекте халықтың, әсіресе жастардың хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар кең ауқымды іс-шаралар өткізді. Дүниежүзілік науқанның басты мақсаты халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы еске салу, қоғамның назарын АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтарының сақталуына аудару.

Баспасөз конференциясын ұйымдастырушыларының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні АИТВ инфекциясы мен оппортунистік аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің тиімді құралдарына қолжетімділікті кеңейту арқасында күтім жасау және қолдау бағдарламаларын енгізу нәтижесінде АИТВ-инфекциясы емге көнетін аурулар санатына өтті, ал АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және салауатты өмір сүре алады. Халықтың әртүрлі топтарын АИТВ-ға уақтылы тексеру нәтижесінде аурудың ерте 1-2 сатысында анықтау 83% - ды құрағанын атап өту қажет, деді.

Жалпы, дүниежүзілік науқан аясында ақпараттық іс-шаралармен қалада 2000-ға жуық адам қамтылды, олардың 285-і АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.

Баспасөз конференциясына бұқаралық ақпарат құралдары қатысты: «Астана», «Евразия Казахстан 1», «СТВ» телеканалдары, «Шалқар» радиосы, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» Республиқалық газеттері,  «Tengrinews.kz», «BAQ.KZ», «ҚазАқпарат Strategy2050.kz», «Informburo», «Elorda Akparat» Ақпараттық агенттіктері.

барлық жаңалықтар »