ЖИТС індетінің аяқталу жолында

 

Қараша 25, 2021

 25 қарашада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының 110-нан астам қызметкері мен арапшылары ЖИТС індетін тоқтату жөніндегі шараларды жеделдетуді және Орталық Азия елдерінің ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарын орындауға көшуін талқылады.

Онлайн-кеңесті ЮНЭЙДС АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағымен, ҚР ДСМ ҚДИАҒО және АӨА Орталық Азия қауымдастығымен серіктестікте ұйымдастырды.

Алғы сөзінде ҚР ДСМ ҚДИАҒО директоры А. Әбішев былай деп атап өтті:Әлемдік қоғамдастық АИТВ-ға қарсы күрес ісінде белсенді күш-жігершараларын қабылдауда. Соңғы жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясы ірі халықаралық құжаттарды қабылдады: 2015 жылы Тұрақты даму мақсаттары, 2016 жылы АИТВ/ЖИТС туралы саяси Декларация, 2021 жылдың шілдесінде АИТВ/ЖИТС туралы саяси Декларация. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемдік қоғамдастықтың АИТВ/ЖИТС-қа қарсы күрес ісіндегі күш-жігерін қолдайды.  АИТВ/ЖИТС індетімен күрес денсаулық сақтау саласындағы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Сондай - ақ қатысушыларға арнап АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орта Азиялық қауымдастығының президенті Н. Аманжолов және ЮНЭЙДС-тің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директорының м.а. а. Голиусов алғы сөз сөйледі.

Қатысушылар Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда АИТВ инфекциясының таралуы бойынша жауапты шараларды, Орталық Азия елдерінде 90-90-90 мақсаттарға қол жеткізуді, індеттің дамуының негізгі үрдістерін, қарсы күрес жолындағы жетістіктер мен табыстарды талқылады, жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Кеңес аясында Орталық Азия елдеріндегі стигма индексін зерттеу нәтижелері таныстырылды.

барлық жаңалықтар »