Нұр-Сұлтан қаласында класссикалық музыка концерты өтті

 

Қараша 17, 2021

          2021 жылғы 17 қарашада  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Нұр-Сұлтан қаласында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі елордалық орталықтың ұйымдастыруымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, дирижер Қалқаман Дүйсембаевтың жетекшілігімен Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрінің орындауында классикалық музыкалық онлайн концерті өтті.

         Концерт алдында ЖИТС орталығының директоры Сәбит Бекмағанбетұлы Әбдірайымов сөз сөйлеп, онлайн-концерттің мәдени маңызы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік рөлі бар екенін және Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясындағы бағдарламаның негізгі бөлігі болып табылатынын атап өтті.


       Бұл концерт - шығармашылық, өнер арқылы халықтың назарын АИТВ-инфекциясының таралуына, нашақорлықтың алдын алуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге аудару мүмкіндігі.

      Концерт соңында ЖИТС орталығының директоры С.Б. Әбдірайымов музыканттарға естелік сыйлықтар тарту етті.

 

барлық жаңалықтар »