Ақмола облысының білім беру ұйымдарымен семинары

 

Қараша 4, 2021

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2021 жылғы 4 қарашада қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, облыс колледждерінің өкілдерімен онлайн тәртіпте семинар өткізіліп, 80-нен астам адам қатысты.

ЖИТС орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі З. Хван 2021 жылдың 9 айында Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша презентация ұсынды, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін білім беру жүйесіне интеграциялау мәселелері, оқушылармен және студенттермен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің өзектілігі, сондай-ақ жыныстық тәрбие және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ата-аналармен ақпараттық жұмыс түсіндірілді.

Алдын алу жұмысы бөлімінің маманы Н.Конуспаев Ақмола облысында ЖИТС-ке қарсы күрестің дүниежүзілік науқанына арналған онкүндік туралы, Instagram әлеуметтік желісіндегі "АИТВ туралы 3 факт" ең үздік ашық сабақ және үздік сторис байқаулары туралы айтып берді.

Кездесу барысында сұрақтар қойылып, короновирустық инфекция бойынша шектеу шаралары жағдайында жұмыста туындайтын мәселелер бірлесіп талқыланды.

барлық жаңалықтар »