ЖИТС орталығының мамандары және өңірлік кәсіпкерлер палатасы СҚО-да АИТВ алдын алу бойынша бірлесе жұмыс атқару туралы келісті

 

Ақпан 6, 2018

2018 жылғы бесінші ақпан Петропавл қаласында облыстық ЖИТС орталығының және  өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібінде – бизнес-құрылымдармен АИТВ алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таңбасы және оларды кемсірету мәселелері бойынша бірлесе жұмыс атқаруды талқылау.

ЖИТС облыстық орталығының бас дәрігері Айман Сыздықова өз сөзінде бизнес құрылымдары басшыларының осы мәселе жөніндегі хабардарлығы біздің еліміздің Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіне әсер ететініне назар аударды. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форумда құрылады. Бұл ретте 114 көрсеткіш ескеріледі, оларға «АИТВ бизнеске әсері» анонимдік сауалдың нәтижесі енгізіледі.

Кеңестің қорытындысы бойынша кәсіпкерлерді АИТВ тақырыбы бойынша ақпараттандыру мәселесінде одан әрі ынтымақтастық жүргізу туралы бірнеше шешім қабылданды. Мәселен, аймақтың бизнесмендері үшін әртүрлі іс-шаралар өткізу кезінде баяндамалар регламентіне ЖИТС орталығы мамандарының баяндамаларын енгізу. Орталық мамандарының пікірі бойынша алдын алу жұмысын күшейту елдің ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің жақсаруына ықпал етеді.

барлық жаңалықтар »