Атырау қ. бизнес құрылымдардағы кездесу

 

Қантар 31, 2018

Осы жылдың  қаңтар айында «GEO ENERGY GROUP»,«Батыс Транс Групп», «Стройинвест-К» ЖШС бизнес құрылымдарында   облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары«Сіздің бизнесіңізге АИТВ инфекциясынан қауіп жоқ» атты тақырыпта кездесу, дәрістер ұйымдастырып, көрнекі құралдардың (бейнебаян, слайд, ақпараттық ағарту материалдары) көмегімен АИТВ/ЖИТС туралы баяндады. Тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясымен өмір  сүретіндермен жұмыс  жасағанда ешқандай қауіптің жоқ екенін, стигма және дискриминация  жайында, статусын анықтаудың жалғыз жолы- АИТВ-ға тексерістен өту екенін түсіндірілді.

Кездесуге қатысушылар көптеген сұрақтарға жауаптар  алып, өткізілген шаралардың нәтижелі пайдалы болғанын атап өтті.

барлық жаңалықтар »