Көкшетау қ. студенттері арасындағы «Болашаққа қадам» акциясы

 

Қантар 31, 2018

       2018 жылғы 30 қаңтарда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен  және департаментімен бірге, Ш.Уәлиханов атынд. Көкшетау Мемлекеттік университетінің студенттері мен педагогтарының арасында АИТВ-инфекциясы бойынша «Болашаққа қадам»  акциясы өткізілді.

    Осы шараның мақсаты АИТВ-инфекциясының сұрақтарына жастардың көзқарасын тарту, өз денсаулықтарын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Қалаушылар жедел-тестілеу әдісімен өздерінің АИТВ-жағдайын біле алды, АИТВ сұрақтары бойынша өз білім деңгейлерін тексерді, мамандармен кеңес алып, сонымен қатар ақпараттық-білімдендіру материалдарын алды. Жедел-тестілеу әдісімен АИТВ-ға 22 адам өтті, сауалнамаға 26 сұхбаткерлер қатысты, олардың хабардар болу деңгейі 72 % құрады, 20 үнпарақ, 120 кітапшалар мен бүктемелер таратылды.

Акцияға барлығы 157 адам қатысты.

барлық жаңалықтар »