Құрметті қазақстандықтар!

 

Қантар 18, 2022

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар қолжетімді екенін хабарлайды.

Спутник V, QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін) вакцинация үшін қолжетімді.

Ревакцинация үшін: QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға), сондай-ақ 2022 жылдың қаңтар айының соңына қарай ревакцинация үшін Спутник Лайт вакцинасы қолжетімді болады.

Вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғанудың басты әдісі екенін естеріңізге саламыз.

барлық жаңалықтар »