Көңіл айту

 

Желтоқсан 27, 2021

Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының басшылығы мен ұжымы  осы орталықтың білікті маманы Тлеумұратов Жасұлан Сағынайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. 

Жасұлан Сағынайұлы Тлеумұратов 1961 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген соң, еңбек жолын Хромтау аудандық орталық емханасында дәрігер қызметінен бастап,  кейіннен бөлім меңгерушісі болып қызметін жалғастырған.

1996-1998жж. Ақтөбе облыстық  ММСҚ  жалпы бөлімшесінің басшысы қызметінде еңбек етті.

1998-2004жж. Қарғалы аудандық ауруханасының бас дәрігері,                                    2005-2010жж. Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыстық  ЖИТС орталығында бас дәрігердің ұйымдастырушылық-әдістемелік сұрақтары жөніндегі орынбасары  қызметін атқарып келді.

Жоғары санатты дәрігер, үздік ұйымдастырушы, өз кәсібінің маманы, еңбекқорлығымен және қызметке деген адалдығымен, білімімен, күрделі  міндеттерді шешудегі іскерлігімен әріптестерінің алғысына бөленген жан ретінде  Жасұлан Сағынайұлының бейнесі мәңгі есімізде қалмақ!   

 

барлық жаңалықтар »