Жанасуға дейінгі профилактиканы үйрету

 

Желтоқсан 24, 2021

21-23 желтоқсанда Алматы қаласында "Қазақстан Республикасындағы халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-ның жанасуға дейінгі профилактика бағдарламаларының қолжетімділігін кеңейту" тренингі болып өтті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы - ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен AmanBolPreP жобасы шеңберіндегі Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы.

Іс-шараға қатысушыларды, соның ішінде аймақтық ЖИТС орталықтарының бас дәрігерлерін ҚДИАҒО директоры А.Абишев қарсы алып, алғы сөзін сөйледі. Ол АИТВ - инфекциясының алдын алудың тиімді әдісі ретінде елде ЖДП енгізудің өзектілігін атап өтті.

Тренинг медицина мамандарын негізгі топтар үшін алдын алу бағдарламаларының, оның ішінде ЖДП бағдарламаларының қолжетімділігін кеңейтуге үйрету мақсатында өткізілді.

Қатысушылар ЖДП бағдарламаларының іске асырылуы туралы ақпарат алды, Қазақстандағы халықаралық тәжірибемен және қолданыстағы хаттамалармен танысты. Дәрігерлер ЖДП бағдарламаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жоспарлау дағдыларын алды. Маңызды компонент негізгі топтармен жұмыс істеу ерекшеліктерін оқытып үйрету болды. Дәрігерлер үшін сұранысқа ие тақырыптардың бірі - кәсіби шаршаудың алдын алу да іс-шара бағдарламасында болды.

Тренингті жүргізу үшін халықаралық тренерлер шақырылды -

Елена Герман және Геннадий Рощупкин (ЕКОМ), сондай-ақ ҚДИАҒО маманы

Алия Утегенова.

барлық жаңалықтар »