Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияны сертификаттау

 

Желтоқсан 23, 2021

 2021 жылғы 24 қарашада ҚДИАҒО биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия ҚР GCP стандарттарына, стандарттар мен ДДҰ этикалық сараптама жөніндегі басшылығына, тиісті клиникалық практика (GCP) бойынша үйлестіру жөніндегі Халықаралық конференцияның (ICH) басшылық қағидаттарына сәйкестікке толық сертификаттаудан өтті.

 Биоэтика жөніндегі комиссия тәуелсіз сараптама органы болып табылады. Ол биомедициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларды жоспарлау кезеңінде, орындау барысында және аяқталғаннан кейін биомедициналық зерттеулер жүргізуге байланысты құжаттарға тәуелсіз биоэтикалық сараптама жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.

Комиссия өз қызметінде адамды құрметтеу, пайда, әділеттілік қағидаттарына негізделген ұлттық нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық стандарттарды басшылыққа алады.

Комиссияның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

1) шетелде өндірілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың интервенциялық клиникалық зерттеулерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі және одан да көп зерттеу орталықтарында жүргізілетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың интервенциялық клиникалық зерттеулерін қоспағанда, осы ұйымда жоспарланатын биомедициналық зерттеулер жүргізуге қорытындылар беру;

2) жүргізу үшін осы биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты берілген медициналық зерттеулер барысына биоэтикалық мониторингті жүзеге асыру.

барлық жаңалықтар »