Халықаралық ұйымдармен серіктестікте

 

Желтоқсан 13, 2021

7 желтоқсанда Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының Қазақстандағы Тұрғын халық саласындағы БҰҰ қорының (ЮНФПА) қолдауымен ұйымдастырған дөңгелек үстеліне қатысушылар халықаралық ұйымдардың ҚР-дағы АИТВ-инфекциясымен күреске қосқан үлесін талқылады.

Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Дөңгелек үстелді аша отырып, ҚДИАҒО директоры А. Абишев былай деп атап өтті:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемдік қоғамдастықтың АИТВ-ға қарсы күрес ісіндегі күш-жігерін қолдайды. АИТВ-инфекциясы проблемасы ең маңыздыларының бірі болып табылатынын мойындай отырып, Қазақстан АИТВ-ның таралуын тежеу жөніндегі қадамдарды дәйекті түрде іске асыруда. Эпидемияға қарсы бірлескен іс-шараларды жүргізуде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау, көмек көрсету, халықаралық ұсынымдарды енгізу АИТВ-инфекциясының таралуын шоғырландыру сатысында ұстап тұруға мүмкіндік берді (0,28%). Қазақстанның АИТВ-ға қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктері үкіметтік емес және халықаралық әріптестер тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында мүмкін болды.

Қатысушылар ҚДИАҒО ЮНФПА және ЮНЭЙДС-пен серіктестікте жүргізген өңірлер бөлінісінде ҚР-да жұқтыру мерзімі бойынша зерттеу нәтижелерімен танысты. Медицина ғылымдарының докторы Александр Косухин (ЮНФПА, ЮНЭЙДС, МОМ) КОВИД-19 пандемиясы жағдайында Орталық Азия елдері мен Ресей Федерациясында "Мигранттардың жыныстық және репродуктивті денсаулықты, оның ішінде АИТВ-ны қорғау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуі" таныстырылымы үлкен резонанс тудырды. 

Қатысушылар ЮНЭЙДС-тің 2019-2021 жылдары ҚР-дағы АИТВ-инфекциясымен күреске қосқан үлесін, USAID-тің Қазақстанмен әріптестігін: жалпы жетістіктері мен АИТВ індетін бақылау жолын, АӨА бойынша EPIC жобасының бірінші жылының және жобалық өңірлердегі серіктестерді тестілеудің нәтижелерін талқылады. Онлайн және офлайн қатысушыларды талқылау үшін әртүрлі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қор, ЦИГЗЦА, ICAP және басқалардың Қазақстандағы АИТВ індетін тоқтата тұруына қосқан үлесі туралы тақырып қызықты болып өтті.

Дөңгелек үстел соңында алғыс хаттар табыс етілді.

барлық жаңалықтар »