Атырау облысы мұғалімдерімен кездесу

 

Қырқұйек 1, 2021

 Атырау облыстық ЖИТС орталығының  алдын алу бөлімінің  мамандары М.Баймуханова, Ж.Имангалиева 2021 жылдың  1 қыркүйегінде «АИТВ/ЖИТС тің алдын алу » тақырыбында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының курсындағы мұғалімдермен кезекті түрде жоспарлы онлайн Zoom форматында   кездесуөткізді.

Кездесудің  мақсаты   АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу  және АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу жолдары туралы айтылып өтті.

Қатысушылар жанынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, шараға  40 мұғалім қатысты.

барлық жаңалықтар »