Техникалық топтың кездесуі

 

Қырқұйек 3, 2021

Екінші қыркүйекте ҚР ДСМ ҚДИАҒО-да мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жөніндегі техникалық жұмыс тобының кездесуі өтті

ҚДИАҒО директорының орынбасары Ирина Петренко құттықтау сөзінде ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуының төмендеу үрдісін атап өтті. Егер 2018 жылы 20 ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алса, 2020 жылы тек қана 9 ҮЕҰ мемәлеуметтік тапсырыс алған. Тағы бір мысал, 2018 жылы мемәлеуметтік тапсырыс бойынша халықтың негізгі топтарымен 4 ҮЕҰ жұмыс істеген, екі жылдан кейін 3 ҮЕҰ ғана жұмыс істеді. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.

Б.Асембеков, EpiС АИТВ-ға байланысты алдын алу, күтім жасау және қолдау бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру үшін жағдайға талдау жасады.

Қатысушылар АИТВ-ға байланысты алдын алу, күтім жасау және қолдау бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламасымен, сондай-ақ оны ілгерілету қадамдарымен танысып, талқылады.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарының өкілдері қатысты.

барлық жаңалықтар »