Республикалық онлайн-конференция

 

Тамыз 25, 2021

24 тамызда "Қазақстанда АИТВ індетіне қарсы іс - қимыл бойынша мақсаттарға қол жеткізу" халықаралық қатысушылармен республикалық онлайн-конференциясы болып өтті.

Іс-шараға қатысушылар - мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділер.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева, ШЕОА елдері бойынша ЮНЭЙДС-тің аймақтық директорының м.а. Александр Голиусов, Teenergizer Kazakhstan командасының өкілі Аида Муравьева, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы президентінің м. а. Оксана Ибрагимова жиналғандар алдында алғы сөздерін сөйледі.

Іс-шара барысында ҚДИАҒО директоры А.Әбішев қатысушыларды елдегі 90-90-90 мақсаттарының жетістіктерімен таныстырды. ЮНЭЙДС, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ЮСАИД халықаралық ұйымдарының, ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың өкілдері Қазақстанда АИТВ індетін еңсерудегі тәжірибелерімен және инновацияларымен бөлісті.

"Реванш" ҚҚ директоры, үш баланың анасы Е.Билоконьнің бүгінгі күні дені сау балалардың тууына АИТВ кедергі емес екендігі туралы баяндамасы эмоционалды жолдау болды.

Қатысушылар 2025 жылға дейінгі ЖИТС-ке қарсы іс қимыл бойынша мақсаттарды талқылады.

барлық жаңалықтар »