«Халық радиосында» - АИТВ мен COVID-19-дың алдын алу туралы

 

Тамыз 9, 2021

Павлодар «Халық радиосында» АИТВ-жұқпасы мен COVID-19-дың алдын алу жөніндегі өзекті тақырыпта облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының директоры Ж. Тентекпаев баяндама жасады.

Бағдарламада дәрігер жиі қойылатын сұрақтарға назар аударды: АИТВ-мен өмір сүретін адамдар COVID-19 ауруын тудыратын вирустан өзін қалай қорғай алады. Елде және облыста коронавирустық инфекцияның таралуы туралы ақпарат бере отырып, директор АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қандай да бір әлсіз немесе айқын реакцияларға бейім деп санауға ешқандай себеп жоқ екендігін атап өтті.

Ж.Тентекпаев коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қолды үнемі жуу, жөтелу және түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу, жөтел және түшкіру сияқты тыныс алу органдары ауруларының белгілері бар кез келген адаммен байланыста болудан алшақтауды ұсынды. Сондай-ақ, COVID-19 вакциналары АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін қауіпсіз екенін атап айтты.

барлық жаңалықтар »