Оқушылармен кездесу өткізілді

 

Сәуір 13, 2021

       Оқушылармен кездесу өткізілді

 Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог көмекшісі Имангалиева Ж.М Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты оқушыларына дәріс өткізді.

 Маман жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы , берілу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіріп өтті.

 Шара барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, 55 оқушы қамтылды .

барлық жаңалықтар »