Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығында облыстық семинар өткізілді

 

Сәуір 8, 2021

Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығында  облыстық семинар өткізілді

2021 жылғы 08 сәуірде ЖИТС-тың   алдын  алу  және  оған  қарсы   күрес  жөніндегі облыстық  орталығының   базасында АИТВ инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жеткізу жөніндегі облыстық семинар өтті.

Семинар Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасын іске  асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына жауапты  дәрігерлердің теориялық  білімін арттыру және облыста АИТВ/ЖИТС жұқпасына қарсы әрекет бойынша күрес шараларын  одан  әрі   күшейту  мақсатында өткізілді.

Семинарға Ақтау қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінен 25 адам қатысты. Сонымен қатар семинарға тағы 29 медицина қызметкерлері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде қатысты. Семинар барысында эпидемияға қарсы режим қатаң сақталды: семинарға қатысушылар антисептиктермен қамтамасыз етілді, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сақталды, залда бактерицидтік рециркулятор жұмыс істеді.

барлық жаңалықтар »