БҚО білім басқармасында кенес өткізілді

 

Сәуір 9, 2021

БҚО білім басқармасында  кенес  өткізілді

Оралда 2021 жылы 7 сәуірде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының базасында БҚО ЖИТС орталығының мамандары аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, облыстық мектептер мен орта арнаулы оқу орындарының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында БҚО ЖИТС-тің алдын-алу орталығының дәрігер-эпидемиологы В.Цой Қазақстан Республикасында және БҚО-да 01.03.2021 жылғы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат ұсынды.

Ол өз сөзінде білім беру ұйымдары жасөспірімдерде жауапкершілікті және толеранттылықты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.     

 Кездесу барысында  Г.Үмбетова О ЖИТС орталығы педагогы, жасөспірімдердің қауіпті мінез-құлқың алдын алу бойынша «Жасурпақ» жасөспірімдерді әлеуметтендіру орталығымен бірлесіп жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берді.

  Мұғалімдер чатқа сұрақтар мен ұсыныстар жіберді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Шарамен 100 адам қамтылды.

 

 

барлық жаңалықтар »