БҚО режимдік мекемесіндегі семинар

 

Сәуір 6, 2021

БҚО режимдік мекемесіндегі семинар

2021 жылдың 6 сәуірінде БҚО облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары ҚР ІІМ ҚАЖД «РУ-170/2 мекемесі» РММ-де сотталғандарға «АИТВ-инфекциясы, неге білу маңызды!» тақырыбында семинар өткізді.

Өз сөзінде эпидемиолог дәрігерлер В.Цой мен С.Ашимова АИТВ-инфекциясының шығу тарихы, ықтимал көздері, берілу жолдары, сақтық және алдын алу шаралары туралы айтып, Қазақстан мен БҚО-дағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы статистикалық деректерді жария етті.

Семинарға 56 адам қатысып, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

барлық жаңалықтар »