ЖИТС орталығының дәрігері – АИТВ-жұқпасын емдеу жөнінде

 

Сәуір 6, 2021

ЖИТС орталығының дәрігері – АИТВ-жұқпасын емдеу жөнінде

ӘМСҚ Павлодар филиалының тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі туралы кезекті шығарылымында Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының инфекционист дәрігері И.Левина АИТВ-жұқпасы туралы айтып берді.

АИТВ-жұқпасы бар пациенттерге медициналық қызмет көрсету ТМККК шеңберінде іске асырылатынын дәрігер атап айтты. АИТВ-мен өмір сүріп жатқан тұлғалар үшін өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға жәрдемдесетін антиретровирустық терапия – АРВТ бар.

Тікелей эфирде ЖИТС орталығының дәрігері Ирина Левина ТМККК шеңберінде пациенттер тегін алатын препараттарды тізіп берді. ҚР азаматтары, қандастар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, босқындар мен пана іздеген, Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын, АИТВ-жұқпасына ерікті медициналық тексеруден өтуге ниет білдірген адамдар өздерінің таңдауы бойынша анонимді және құпия, ең бастысы – тегін негізде тексерілетіндігін тағы да еске салды.

барлық жаңалықтар »