Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
Ақпан 26, 2021
АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша Семинар
2021 жылғы 24 ақпанда Теміртау қаласы бойынша ЖИТС ОО бөлімінде ЕАҰ басшыларының орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар, Теміртау қаласының медициналық ұйымдарында АИТВ - инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жауапты мамандар үшін семинар өтті.
Семинардың мақсаты: ЕАҰ медицина қызметкерлерінің АИТВ – инфекциясының, оның ішінде АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ бекітілген қала тұрғындары арасында жүргізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру.
Семинарды эпидемиологтар т.Князева мен С. Бурханшина жүргізді.
Өз сөздерінде эпидемиолог-дәрігерлер семинарға қатысушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, ЖИТС қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырды.
Психоәлеуметтік кеңес беру, медициналық ұйымдарда профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, АИТВ - инфекциясының ауруханаішілік жағдайларының алдын алу, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты уақтылы тексеру, тексеру кодтарын беру және есепке алу-есеп беру құжаттарын толтырудың дұрыстығы мәселелері қозғалды.
Оқытылды: 16 маман.