Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 23, 2021
Медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары
2021 ж. 23 ақпанында ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық орталығының Жезқазған бөлімшесі «Жезқазған Медициналық орталығы ЖШС-нің» медицина қызметкерлерімен «Денсаулық сақтау мекемелерінде АИТВ- жұқпасының алдын-алу» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Бұл шараны өткізуге ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі Жезқазған бөлімі дәрігер-эпидемиолог Ж.М. Майшурина қатысты.
Онлайн оқыту семинары Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды. Оқыту семинарында медициналық қызметкерлерді Жезқазған аймағындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.
Тіркелген халықты АИТВ-ға тестілеу жағдайы, тексерілуге тиісті негізгі топтағы халықты АИТВ-жұқпасының анадан балаға берілуінің алдын алу жөнінде егжей-тегжейлі әңгіме болды.
Тыңдаушылар желі арқылы өздеріне қажетті мәселелер бойынша сұрақтар қойып оған қанағаттанарлық жауаптар алды.
Қатысқан адам саны: 15 адам.