ZOOM платформасында студенттермен интеллектуалды ойын

 

Желтоқсан 21, 2020

2020 жылдың 11 желтоқсанында  «Жас Экономист» жастар қоғамдық бірлестігі  ЖИТС ОО-ның  мамандарымен бірлесіп Zoom платформасында «Өмір сүру үшін білу!» атты тақырыбында онлайн-ойын оздырды. Іс-шара колледжі  және жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты өз өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру, АИТВ-инфекциясы проблемасының өзектілігі мен маңыздылығын көрсету.

Ойын ережелеріне сәйкес командаларға сұрақ жәшігін таңдау керек болды, әр сұрақ 10-нан 40-қа дейін белгілі бір ұпайлармен бағаланды. Тапсырмалар вирустың пайда болу тарихы, алдын-алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін  адамдардың құқықтары және тағы басқалар туралы болды.

Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

 

 

барлық жаңалықтар »