Орал қаласының жұмыс істейтін тұрғындарын ақпараттандыру

 

Желтоқсан 16, 2020

        2020 жылдың 10-11 желтоқсанында  Облыстық ЖИТС  орталығының маманы «Тәуекел», «Стройкомбинат», «Батыс Су Арнасы», «Күзет Полис» бизнес-құрылымдарында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

 

        Эпидемиологтың көмекшісі Г. Қуанышева карантин шараларын сақтай отырып, компания қызметкерлерін АИТВ-инфекциясы бойынша, берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы эпидемиологиялық жағдай бойынша хабардар етті. Семинарды офлайн өткізу мүмкіндігі болмаған құрылымдарда қауіпсіздік нұсқаушылары арқылы плакаттар, брошюралар, күнтізбелер таратылды.

        Іс-шарамен барлығы 100-ден астам адам қамтылды.

барлық жаңалықтар »