Ақтөбедегі автошеру

 

Қараша 20, 2020

20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Облыстық ЖИТС орталығы мен Ақтөбе автоклубтары жол-патрульдік полициясының сүйемелдеуімен "ВИЧ-ке қарсы бірге"тақырыбында автошеру өткізді.

 

Автокөліктер бағыты"Анвар" гипермаркетінің тұрағынан Ақтөбе қаласының басты көшелерімен жүріп өтіп, соңғы аялдама "Керуен сити"СОО тұрағында аяқталды.

 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында Ақтөбе ЖИТС орталығы мен Ақтөбе автоклубтары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау білдіріп, сондай-ақ стигма мен АИТВ-позитивтеріне қатысты кемсітушілікке қарсы күрестің маңыздылығы туралы қоғамның назарын аударғысы келеді, өйткені бұл емделуден бас тартуға және инфекцияның таралуының алдын алуға кедергі келтіреді. Осыған байланысты, жаһандық ынтымақтастыққа және өз денсаулығымен жақындарының денсаулығына жауапты болуға шақырады.

барлық жаңалықтар »