Алматы облысының ауыл жастары Дүниежүзілік акцияға үлес қосты

 

Қараша 20, 2020

19 қараша 2020ж. Алматы облысы, Іле ауданы, Түймебаев ауылдық №20 мектептің 8-11 сынып оқушылары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес аясындағы акцияға өз үлестерін қосты.

Облыстық ЖИТС орталығының маманы А.Ибраимова ұйымдастырған онлайн-семинарда жасөспірімдер АИТВ жұқпасы, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы толық ақпарат алды.

 

Оқушылар алған білімдерін пысықтайтын «Өмір сүру үшін білу керек» атты зерделік ойынға белсене қатысып, тапқырлықтарын танытты. Ең бастысы, қол алысып, құшақтасып, бірге тамақ ішкенде бұл жұқпа қауіпсіз екенін ұғып алды.

Іс-шара соңында қатысушылар «Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» байқауына өз суреттері мен өлең-тақпақтарын ұсынды.

барлық жаңалықтар »