Павлодар облысында АИТВ таралуына эпидемиологиялық қадағалау өтуде

 

Қырқұйек 9, 2020

Облыстың 357 тұрғыны Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы өткізетін АИТВ-жұқпасының таралуына эпидемиологиялық қадағалауға қатысты.

        Аталған зерттеу облыстың үш қаласында есірткіні енгізетін адамдар арасында АИТВ-ның алдын алу бағдарламаларының қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жүргізілуде.Респондент АИТВ, С гепатиті мен мерезге (сифилис) тексеріледі. Сенімді әңгімелесуде АИТВ-жұқпасы және оның таралу қаупі факторларына байланысты мәселелер бойынша сұхбаттар жүргізіледі. АИТВ жедел тестілеуден өткен адамдар өз мәртебесін бірден біледі.

 

Зерттеулер нәтижесінде ұйымдастырушылар қауіпті топтардағы АИТВ таралуы туралы ақпарат алады, жаңа осал топтарды анықтайды. Ең бастысы - нақты жағдайды бағалауға, алынған нәтижелерді жинау және талдау алдын алу бағдарламаларын іске асырудың жаңа тәсілдерін жасауға мүмкіндік береді.

        Зерттеуге қатысушылар үшін сауалнама ерікті, анонимді болатынын және құжатта бірде-бір адамның деректері жазылмағанын білу маңызды. Зерттеулер келесі мекенжайда өткізілетінін еске саламыз: Ак. Бектуров көшесі, 50А, Ақсу қ.- Камзин көшесі, 53, бірінші қабат, Екібастұз қ. - Торайғыров көшесі, 32, аурухана кешені.

барлық жаңалықтар »