Тұрғындарға арналған «ЖИТС тен сақтан, COVID-тен қорған» науқаны

 

Шілде 2, 2020

2020ж. 26 маусым  және 1 шілдеде Алтай және Орталық базарларында Ақтөбе ЖИТС ОО «Сенім-Тірек» ҚБ бірлесіп  «ЖИТС тен сақтан, COVID-тен қорған» науқанын өткізді.

Коронавирус  инфекциясы пандемиясы кезінде облыс аумағында АИТВ мәртебесі бойынша оң нәтиже көрсетіп, тіркеуге  алынған тұлғалар да бар. ҚР  азаматтары арасында 2020 жылдың  5 айының қорытыныдысы нәтижесі көрсеткендей,    АИТВ жұқпасы бойынша 19 жағдай тіркелді. Олардың  90 пайызы жыныстық  қатынас арқылы жұқтырған.

Коронавирус инфекциясы адамға жөтел немесе түшкіру, мұрыннан, ауыздан шыққан кішкентай тамшылар арқылы берілетінін есте сақтап, бетперде тағып жүру, қолды залалсыздандыру және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы вирустан сақтануға болады. Ал АИТВ жұқпасынан сақтану үшін кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тартып, есірткіден аулақ болған дұрыс.

 

Шара жалпы тұрғындар мен АИТВ-жұқпасын жұқтыру қаупі жоғары топтарға бағытталған. Шара барысында АИТВ жұқпасының алдын алу  жөніндегі  мәліметтер жазылған бүктемелер және медициналық бетперделер таратылды. Барлығы 400 бетперде және тұрғындарға арналған бүктемелер таратылды. Сонымен қатар 100 дана көлемінде халықтың негізгі топтарына бетперде тарату жоспарланған. «ЖИТС тен сақтан, COVID-тен қорған» ұранымен ұйымдастырылған шараның маңыздылығы зор, себебі әлі де болса көптеген адамдар алдын алу шараларына аса мән бермейтіндігі рас.

 

барлық жаңалықтар »