Карантин аясында онлайн режиміндегі баспасөз конференциясы

 

Шілде 1, 2020

«Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК мамандары 2020 жылдың 26 маусымында Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай дөңгелек үстел өткізу шеңберінде онлайн-конференция өткізді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен психикалық денсаулық орталығы, полиция департаменті мен білім басқармасының мамандары шақырылды.

 

Баспасөз конференциясының басты мәселелері: тарихы, эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ, ЖИТС және нашақорлықпен күресудің жаңа әдістері.

Нашақорлық, АИТВ, ЖИТС - бұл тек медициналық проблема ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның проблемалары екенін ескере отырып, конференцияға қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл нысандарын, ақпараттық әсер ету әдістерін күшейту қажеттілігін, жұмыс үшін танымал блогерлерді тарту мүмкіндіктерін талқылады.

барлық жаңалықтар »